ҚАЖД мәліметінше, Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде өтеп жатыр.
Бишімбаев колонияда неге жұмыс істемейді? – ҚАЖК жауап берді
1,461
оқылды
 

24 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмысқа орналаспаған. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚАЖД мәліметінше, Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде өтеп жатыр.

"Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналастырылмаған. Сотталған адамның күн тәртібі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады", – деп хабарлады комитет өкілдері.

Бұған дейін Бишімбаевты колонияда қандай жұмысқа алуы мүмкін екені белгілі болды. ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібековтың айтуынша, бұрынғы ұлттық экономика министрі "Еңбек" РМК-ға ағаш және металл өңдеу бағыты бойынша жұмысқа орналаса алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.