Екі өңір елорда тұрғындары үшін 830 тоннадан астам өнім әкеледі.
Астанада Абай мен Қызылорда облыстарының жәрмеңкесі өтеді
513
оқылды

Осы аптаның сенбі-жексенбісінде Астанада Абай және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Екі өңір елорда тұрғындары үшін 830 тоннадан астам өнім әкеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Жәрмеңкедегі өнімдер арзанға сатылады.

«Екі облыстың аграршылары Астанаға нарықтағыдан төмен бағаға 830 тоннадан астам жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Сатылатын тауарлар тізімінде ет, күріш, балық, көкөніс пен жеміс, өсімдік майы, сүт өнімдері, бал, қымыз, шұжық өнімдері, бақша дақылдары, ас тұзы, сондай-ақ сүт және кондитерлік өнімдер бар», – деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Жәрмеңке барысында елорда тұрғындары мен қонақтары Абай және Қызылорда облыстарының әртістері ұйымдастыратын ойын-сауық концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады.

Естеріңізге салайық, биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тасжолы, 1-де өтеді. Қала халқына ыңғайлы болуы үшін № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары жүреді.

Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.