Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
"Белгісіз адамдар Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрған": Президент тапсырма берді
Фото: Қорғаныс министрлігі
890
оқылды
Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
 
"Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын", – деп жазды ол.
 
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов сарбаздардың өлімі көбейгенін айтып, үстелді ұрып, генералдарға ұрысқан видеосы тарағаны туралы жазған болатынбыз.
 
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.