Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздар бар.
1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды
Фото: gov.kz
575
оқылды

1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздар бар. Келесі айда соның 62-нің тарифі өседі. Мәселен, стандарт вагондардың құны 6 300 теңгеден 7 500 теңгеге көтеріледі. Ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды. 

Qazaqstan арнасының  мәліметінше, Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Себебі, 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы әбден тозған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.