Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, үсік жүреді: 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
3,019
оқылды

"Қазгидромет" РМК 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні  15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде топырақ беті қатады, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл ауданында соққан желдің екпіні  15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, областың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 25 қыркүйекте күннің соңында найзағай ойнайды деп болжанады. Батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай ойнайды деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі бар. Түркістанда да күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында соққан жел екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23 м/с дейін жетеді. Күндіз Петропавлда батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.