Өнер иелері Esquire Podcast-та қонақ болып, сахнаға алғаш шыққан сәттерін еске алды.
"Басымызға мылтық тақады": "Нұрлан мен Мұрат" тобы олигархтың кешінде өнер көрсетіп, оқыс оқиғаға тап болғандарын айтты
Фото newsong.kz
1,443
оқылды

Елге белгілі дуэт “Нұрлан мен Мұрат” шымкенттік олигархтың тойында ән айтып, оқыс оқиғаға тап болғанын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Өнер иелері Esquire Podcast-та қонақ болып, сахнаға алғаш шыққан сәттерін еске алды.

“Бір күні шымкенттік бір ағамыз хабарласты. Сендердің әндеріңді отбасымызбен тыңдаймыз. Кеш болайын деп жатыр, келіп ән айтып кетсеңіздер деген өтініш жасады. Біздің дүрілдеп тұрған уақытымыз. Әдетте, бір-екі әннен кейін  кетіп қалатын едік. Ол жерге барып, “Ләйләнің” өзін 10 шақты рет айттық. Басында бізді керемет қарсы алды. Анасы және отбасымен таныстырды. Әндеріміздің бәрін жатқа біледі екен. Үлкен кісілердің біз де батасын алып жатырмыз. Бір кезде әндерімізді айтып болып, шығайын деп жатсақ, жібергісі жоқ. Анамның өтініші дегесін, тағы бір ән айттық. Олигарх ағамыз ашулана бастады. Ақшасын төлеп қойдық, қалауымызша ән айтқыза береміз деп ойласа керек. Не керек, сол отырыстың арты үлкен төбелеске ұласты”, – деді Мұрат Қожа. 

Әншінің сөзінше, олигархтың күзетшілері мейрамханадан әншілерді шығармай қойған. 

“Кетуге ыңғайланып жаттық. Асаба да, музыканттар да аппаратураларын жинады. Ағамыз жібергісі келмейді. Күзетшілеріне “Мына екі жігітті ұстаңдар” деп айқайлады. Біз оған көнбей, сыртқа шығып кеттік. Артымыздан келе жатқан бір күзетшісі мылтық атты. Тіпті, мылтықты басымызға да тақады. Одан Нұрлан екеуміз қолындағы мылтыққа жабысып, жұлып алдық. Бір кезде ағамыз шықты да, 1 000 теңгеліктерді бетімізге шашты. Ол кезде гонорарымыз 1 000 АҚШ доллары еді. Теңгемен есептесек, 120 мың теңге. Мен жинап алдым да, өзінің бетіне шаштым. Кейін жігіттер “Сендер кете беріңдер. Өзіміз шешеміз” деді. Кейіннен кешірім сұрап, гонорарымызды артығымен төледі. Сол кісінің арқасында концерт беріп, әндер жазылды. Ол кезде ақша құнды еді”, – деп есіне алды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.