Вячеслав Геннадьевич ҚХЛ-да ЦСКА, «Сочи» және «Нефтехимик» командаларының бас бапкері болған.
Олимпиада чемпионы «Барыстың» бас бапкері болып тағайындалды
Фото: hcbarys.kz
1,490
оқылды

1991 жылғы Олимпиада чемпионы Вячеслав Буцаев астаналық "Барыс" хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.     

"Барыс" хоккей клубы бұған дейін бас бапкер болған Дэвид Немировскимен келісімшарт тоқтағанын мәлімдеді. Макс Марковиц пен Стив МакГичи де бапкерлер құрамынан кетті. "Барыстың" бас бапкері қызметіне Вячеслав Буцаев тағайындалды. Бапкермен осы маусымның соңына дейін келісімшарт жасалған. 

Буцаев ойыншы ретінде Олимпиада және әлем чемпионы атанған, сонымен қатар Ресей және Швеция біріншіліктерінде топ жарған. Одан бөлек, ол Ұлттық хоккей лигасында 130-дан астам матч өткізген.

Вячеслав Геннадьевич ҚХЛ-да ЦСКА, «Сочи» және «Нефтехимик» командаларының бас бапкері болған. Соңғы рет жаттықтырушы «Витязь» клубында бас бапкер болып, ҚХЛ 2022-2023 жылдар маусымында команданы плей-офф кезеңіне шығарған.

Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Олег Ромашко, Андрей Шаянов, Кирилл Легчаков пен Сергей Тамбулов «Барыс» бапкерлері құрамындағы жұмыстарын жалғастырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.