Сағадат кейінгі кезде әкесі түсіне жиі кіріп жүргенін айтты.
«Әкем өмірден өткен күні ересек адамға айналдым»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлы марқұм әкесі туралы айтты
Фото: instagram.com/sultankyzy
938
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Сағадат Қайратұлы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында марқұм әкесі туралы естелік айтты, – деп жазды Aikyn.kz.    

Әкесі өмірден өткенде Сағадаттың жасы 13-те болған. Ол әкесінен айырылған соң бірден есейіп кеткенін айтады.

"Әкем, асқар тауым өте жақсы адам болды. Әкеміз өмірден қайтқанда жасым 15-те болды, Сардардың жасы 13-те болды. Әлі бала едік, әкем өмірден өткен күні ересек адам болдық. Себебі қасымызда анамыз бар, біз оның қос қанатымыз, оған қамқор болуымыз керек. Сондықтан есеюге тура келді", – дейді ол. 

Сағадат кейінгі кезде әкесі түсіне жиі кіріп жүргенін айтты. Сонымен бірге әкесі қандай ақыл-кеңес бергенін есіне алды.

"Әкем түсіме өте көп кіреді. Сардарға, анама қатты кірмейді. Соңғы екі аптада 4-5 рет кірді. Үнемі күліп, жымиып жүреді. Әкем ақша туралы көп ақыл айтатын. "Ақшаны көп жаратпа, жинап жүр" дейтін. Өзі ақшаны бізден аямайтын. Бір нәрсе сұрасақ, анамыз "жоқ" десе де, әкеміз "иә" дейді. Екеумізге де қатал болды, бірақ бізге деген мейірімділігі, махаббаты байқалып тұратын", – дейді ол. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.