«Жақын адамымнан опық жедім, оңдырмай алдап кетті»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды

Айтуынша, актрисаның сенген адамы бірнеше құжатқа қол қойдырып алған.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына басынан өткен жайт туралы айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.    

Ол жақын адамы алдап кеткенін, енді сот болайын жатқанын жеткізді.

«Осыдан 3-4 жыл бұрын жақын адамымнан опық жедім. Оңдырмай алдап кетті. Барымды тартып алды. Жаным, күнім, барым деп жүрген жаннан сатқындық көремін деп кім ойлаған? Қазір есіме түсіріп отырып өзім таңғаламын. Қалайша жол бердім? Ол кездер мен үшін сынақты күндер еді. Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай, басымды тауға да, тасқа да соғып жүргем. Сөйтіп сенделіп жүргенде күндей жарқ етіп, алдымнан бір кісі шықты. «Бәлкім, менің құтқарушым осы болар» деген ой жылт етті. Содан ол адам іші-бауырыма кіріп, мұңымды тыңдап, сырымды біліп, үйімнен талай ас ішті. Сөйтсем, оның өз жоспары болған екен. Адамның аласы ішінде, малдың аласы сыртында", – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Айтуынша, актрисаның сенген адамы бірнеше құжатқа қол қойдырып алған. 

"Қит етсе қалімді сұрап, менің басымдағы проблемамды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Мен болсам ештеңеден хабарым болмай, Жаратқанға алғыс айтумен болдым. Қысқасы, қасымда жарты жыл жүріп, мендегі бар құнды дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың ашық түрде, ел алдында онлайн трансляциялануын талап етемін. Сотта оқиға бүге-шүгесіне дейін айтылады. Әділ өтеріне сенемін. Ол адаммен 2 жыл бойы телефонмен сөйлескен әңгіменің барлығы заңды түрде делоға тігілді", – деді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.