Өзіне қол салмас бұрын курстастарымен бірге киноға барыпты.
Алматыда студент қоғамдық орында суицид жасады
1,282
оқылды

Алматыда, әне-міне, режиссер боламын деп жүрген студент өзіне қол салды. Қайғылы оқиға қоғамдық орындардың бірінде болған. Марқұм Алматы менеджмент университетінің үшінші курсында оқыған, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Марқұмды ақкөңіл, ашық-жарқын жігіт еді деп сипаттады бүгін университет басшылары. Сабақ үлгерімі де жақсы болған екен.

Өзіне қол салмас бұрын курстастарымен бірге киноға барыпты. Кинотеатрдан шыққан соң небәрі 20 жастағы студентті мұндай қадамға баруға не итермелегені әзірге белгісіз. Оның себебін енді полиция анықтайды. Суицид дерегі бойынша олар қылмыстық іс қозғаған.

– Өкінішке қарай, бүгін таңертең осы ақпаратты алдық. Бізге полициядан хабарласып айтты. Студент біздің университетте медиа-кино мектебінде оқыды, режиссер мамандығында. Үшінші курс студенті. Ең алдымен, әке-шешесіне, жақындарына көңіл айтқымыз келеді. Ол біздің университет үшін үлкен қайғы. Студенттеріміз, өзіміз, әкімшілік – бәріміз есімізден тана жаздадық. Бар ақпаратым осы, – деді Алматы менеджмент университетінің коммуникация жөніндегі проректоры Дидар Марданов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.