Өрт көппәтерлі тұрғын үйдің шатырынан шыққан. 
Щучинскте өрт кезінде зейнеткер қаза тапты
Фото автордыкі
557
оқылды

Щучинск қаласында көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өрт кезінде зейнеткер қаза болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде пәтер ішінде әйел адам мен оның 83 жастағы анасы қалып қойған. Түтінді сезген әйелдер көшеге шығып үлгерген. Бірақ қарт кейуана белгісіз себептермен жанып жатқан үйге қайта оралған. 

– Өрт шыққан үйге келген Щучинск қаласының өрт сөндіру жасағы әйел адамды пәтерінен көшеге алып шықты. Өкінішке орай ол көп ұзамай қайтыс болды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр, – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы