Жыл соңына дейін Астанада Кипр Елшілігі ашылады.
Кипр мен Казахстан: туризмді дамытудың тың перспективалары
191
оқылды

Астанада Қазақстан мен Кипр өкілдерінің басқосуы өтті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылап, оған қолайлы жағдай жасаудың маңызы туралы сөз қозғады.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм бірқатар елде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Осы орайда, қатысушылар Қазақстан мен Кипр арасындағы туризм ауқымын ұлғайту үшін жасалуы керек бірқатар маңызды шаралардың маңызын атап өтті.

Бұл ретте, жыл соңына дейін Астанада Кипр Елшілігінің ашылуы басты қадамдардың бірі болмақ. Әлбетте бұл қазақстандықтарға Кипрге баруда виза алу процесін едәуір жеңілдетеді, өйткені бұған дейін барлық визалық мәселелер Мәскеудегі елшілік арқылы шешілген еді.

Кездесуде Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе рейстерін іске қосу мүмкіндігі де талқыланды. Бүгінде Cyprus Airlines және басқа авиакомпаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Бұл тікелей әуе қатынасын орнатуға және Кипрге саяхатты қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Тікелей рейстердің ашылуы нәтижесінде Кипр бағыты Дубай, Мальдив және Түркия сияқты мемлекеттерге лайықты балама бола алады деп күтілуде.

Кипр туристерді бірегей демалыс орындарының алуантүрлілігімен қызықтырады. Мысалы, әдемі жағажайлар мен биік таулар ғана емес, мәдени және тарихи көрнекті орындары келушілер санының артуына ықпал етеді. Кипр аралы – демалу үшін тың маршруттарды іздейтін қазақстандықтар үшін жаңа бағыт. Сондай-ақ, Кипр делегациясы Қазақстан Республикасы да Кипр тұрғындары үшін тартымды туристік бағытқа айналуы мүмкін екенін атап өтті. Өзгеше мәдениеті, бірегей табиғаты мен қазақ халқының қонақжайлылығы кипрліктерді саяхаттауға жаңа бағыт ретінде қызықтыруы мүмкін.

Кездесу аясында қазақстандық туроператорлар мен Кипрдегі жетекші қонақүйлердің бірі Stademos Hotels қонақүйлер желісі арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Luciano sozzo және Omiros Omirou қонақүйлерінің өкілдері Қазақстаннан келген туристерге Кипрдің үздік курорттарында бірінші дәрежелі сервис ұсынуға дайын екендерін жеткізді. Бұл аралдағы қазақстандық саяхатшылар санының өсуіне ықпал мүмкіндік.