Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Алматы облысында 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды
Фото: istockphoto.com
797
оқылды

Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Жоғары аудиторлық палата биыл мамырда өңірдегі тексеру іс-шараларын аяқтады. Аудит барысында ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өңірдің басқармаларының бірінің басшысына қатысты қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар облыс әкімі мемлекеттік аудит кезінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бүгінгі таңда оны іске асыру жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.