ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдады.
Тамара Дүйсенова азаматтарды онлайн қабылдады
445
оқылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдады, – деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамту, Семей ядролық полигоны аймағында тұратын азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде мәселелер көтерілді. Сондай-ақ сот актілеріне қатысты сұрақтар да қойылды.

Кездесуге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, қойылған сауалдарға жауап берді. Вице-премьер әр азаматтың мәселесін жеке қарастырып шешу қажеттігіне назар аударып, тиісті тапсырмалар берді.