Қазір баланың халі өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Атырауда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кеткен
www.istockphoto.com
744
оқылды

Атырауда екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға 26 қыркүйек күні күндіз «Модерн Сити» тұрғын үй кешенінде болған.

Бала өте ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Облыстық балалар ауруханасының емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ержан Есболайдың айтуынша, бала көптеген сынық жарақаттарын алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Терезеден құлап кеткен балаға 2 жас 8 ай толған. Ол бізге сағат 13:00-де жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Баланың көптеген сүйек сынулары тіркелді, жабық бас-ми жарақаты, ми гематомасы, өкпенің көгеруі және қанның жиналуы анықталды. Қазіргі уақытта бала өте ауыр жағдайда реанимацияда жатыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды», – деп мәлімдеді Ержан Есболай.