Бүгін ғана өңірлерде өткен кездесуде осы мәселе кеңінен талқыланып, Халықтық штаб мүшелері аталған сұраққа мейлінше жауап беріп көрді.
АЭС энергетикалық дағдарыс мәселесін шеше ме?
1,338
оқылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлы Сауран ауданындағы «Азим-Ата» шаруа қожалығының қызметкерлерімен, «Тұран» және №3 мектеп ұжымымен, Оранғай ауылындағы «Әл-Береке» шаруа қожалығы еңбек ұжымымен кездесті.

Халықтық штаб мүшелерімен бірге өткен кездесулер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу жөніндегі референдум мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екені айтылды. Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірігіп, ел арасында үгіт-насихат жұмысын бастағанын тілге тиек етті.

Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Төленұлы жиын барысында АЭС туралы маңызды ақпараттарды айтып, бұл жобаның уақытылы қолға алынып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы 10-15 жылда елімізде электр энергиясының тапшылығы туындау ықтималдығы жоғары. Бұған демографиялық өсім мен кәсіпкерлік нысандардың артуы ықпал етіп отыр. Аталған мәселелердің шешімін табу үшін АЭС салу қажет екені де айтылды.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу мәселесін көтерді. Бұл – уақытылы қозғалған тақырып. Егер қазірден бастап әрекет етпесек, энергетика саласында күрделі проблемалар туындауы мүмкін», – деді Н.Байтілесов.

Сондай-ақ кездесу барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева АЭС салу жөнінде қоғамда түрлі пікірлер мен қауесеттердің таралып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай маңызды жобаларға қатысты кері пікірлердің болуы қалыпты жағдай, бірақ азаматтар сарапшы мамандардың пікіріне сенуі керек.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан көптеген сауал қойылды. Азаматтар АЭС құрылысына қажетті кадрлар мен ресурстар мәселесіне қатысты алаңдаушылығын білдірді. Халық қалаулысы бұл мәселелердің шешімі бар екенін және арнаулы сарапшылармен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Халықтық штаб өкілдері зауыт ұжымымен кездесті

Кездесу барысында жасыл энергия көзінің артықшылығы кеңінен талқыланып, қала тұрғындарын мазалаған сауалға нақты жауап берді. Өндіріс қызметкерлерімен жүздесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерболат Сатыбалдин, Аян Зейнуллин арнайы қатысты. Сонымен қатар басқосуға облыстық штаб төрағасы Бауыржан Шыңғысов, штаб мүшелері Абзал Жиенбаев, Бақытбек Төребеков те қатысып, ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді.

Алғаш болып сөз алған Ерболат Сатыбалдин элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa екенін негізге алды.

- Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көзінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болар еді, – деді депутат.

Ал Аян Талғатұлы АЭС Қазақстанның көміртегі энергия көздеріне тәуелділігін азайтып, еліміздің экологиялық жағдайына оң өзгерістер әкелетінін баса айтып отыр.

«АЭС айналасындағы инфрақұрылымды дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, ел экологиясымен қатар экономикаға да оң әсерін тигізеді», – деді халық қалаулысы.

Өзге штаб мүшелері елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объектив алғышарттар орындалғанын меңзейді. Атап айтқанда, уранның бай қоры, оны өңдеу мен өндіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Зауыт қызметкерлері де энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Өздерінің АЭС салу бойынша оң пікірін білдіріп, референдумға қатысатынын жеткізді.

АЭС: Тұрақты және сенімді қуат көзі

Самар  аудандық Халықтық штаб мүшелері Гүлнар Шаймарданова мен Айнұр Отаршина ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездесті.

Атом электр станциясы Қазақстанның энергетикалық жүйесін әлемдік энергетикалық нарықтағы өзгерістерге төзімді етеді, көмірсутектерге тәуелділікті азайтып, мұнай мен газдың әлемдік бағасындағы ауытқулардан елдің экономикасын қорғайды. Бұл Қазақстанға экономиканың тұрақтылығын арттырып, шығындарды алдын ала болжап отыруға мүмкіндік береді.

«Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың және халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізі болып табылады», – дейді Айнұр Отаршина.

АЭС құрылысының жобасы ел экономикасына қомақты инвестиция тартып, инфрақұрылымды және онымен байланысты салаларды дамытуға ықпал етеді.

Өңірлік кеңестің отырысында АЭС салу мәселесі талқыланды

«AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы өңірлік экологиялық кеңестің отырысы өтті. 

Жиынның күн тәртібінде климаттың өзгеруіне және халықтың денсаулығына ықпал ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың парниктік газ шығарындысын азайту шарасы туралы және ірі қалаларда атмосфераны ластайтын заттардың шығарындысын азайту сияқты бірқатар мәселе қаралды.

«Экологияны жақсарту біз үшін басты мақсат. Бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шараларда аз емес. «AMANAT» партиясыда өз кезегінде экологиялық мәселелерді шешуге барынша басымдық беруде», – деді өңірлік кеңестің мүшесі Зейнулла Сұлтанбеков. 

Сонымен қатар жиын барысында кеңес мүшелері атом электр станциясының экологиялық тұрғыда тиімді тұстарын да талқылады.

«Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды факторы. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі», – деді Өңірлік кеңестің төрағасының орынбасары Татьяна Чернышова.