Жуырда Астанада әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтті.
Ауырып тұрса да, 7 сағат бойы Димаштың әнін тыңдаған: Света Айтбаева жан тебірентерлік оқиғаны айтып берді
4,229
оқылды

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Димаш Құдайбергннің анасы Света Айтбаева сол Астанада өткен концерт жайлы ерекше оқиғаны айтып берді,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өзі де әнші Света Айтбаева жамбасы сынып, ауырсынғанына қарамастан, концертте бастан-аяқ болған үлкен кісінің өнерге деген құрметіне қатты таңғалған көрінеді.

“Валентина есімді апамыз дәл Димаштың концерті болатын күні құлап, жанбасын сындырып алады, бірақ жарақатына қарамастан, ол Димаштың концертіне барып, жеті сағат бойы ауырып тұрғанын ұмытып, әрбір әннен ләззат алады. Бүкіл аурухана әлі күнге дейін таңғалып, күліп отыр. Өйткені ол жамбас сүйегі сынғанына қарамастан, Димаштың концертіне барып, жеті сағат бойы ауырсынуды шыдап тыңдаған!

"Мен Димашты әнші ретінде өте жақсы көремін, адам ретінде құрметтеймін және бұл оқиғаны өткізіп алуға болмайды деп ойладым. Сырттай күліп отырмын, ал ішімде не болып жатқанын білсеңіз ғой... Бірақ менде ертерек кету немесе бармай қалу туралы ой болмады. Әрбір әннен ләззат алып отырдым. Ойлап қарасам, тағы да құлап қалуым мүмкін, бірақ Димашты енді көрмеуім де ғажап емес!" деді. Дәрігерлер неге ертерек келмедіңіз десе: “Димаштың концертінде болдым” депті. Осындай қызық өте көп” – деп жазды Света Айтбаева. 

Света Айтбаева сол концерттегі жанкүйермен кездесіп, хәл-жағдайын сұраған. 

“Валентина Толмачёвамен біраздан бері телефонмен сөйлесіп жүретінбіз. Димаштың концертіне келгісі келетінін айтқан кезде қуана шақырып едім. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға арналған пансионатта тұратынын білетінмін. Бүгін біз бірінші рет кездестік. Жамбас сүйегі сынып, операциядан шығып отырса да жүзінен нұры төгіліп, әдемі күлкісімен баршамызды баурап алды” – деді ол.