Осыған байланысты 28-29 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Астанада Сейфуллин көшесі екі күнге жабылады
фото: el.kz
630
оқылды

Елорданың оң жағалауындағы көшеде көлік қозғалысына тыйым салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сейфуллин көшесінің Сарыарқа даңғылынан бастап К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 28-29 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», – деп ескертеді әкімдіктен.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.