Жұрт қаланың автовокзал ауданында орналасқан дүңгіршектен енді тамақ алмаймыз деп шулады.
Көкшетаудағы дүңгіршекте тышқандар самса жеп жүр
438
оқылды

Әлеуметтік желіде Көкшетаудағы дүңгіршектің бірінде тышқандардың самса жеп жүргені туралы видео тарады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Астана» телеарнасы хабарлағандай, кадрдан тышқанның самсаны аралап, емін-еркін жүгіріп жүргенін көруге болады. Қаланың автовокзал ауданында орналасқан дүңгіршектен енді адамдар тамақ алмаймыз деп шулап жатыр.

- Тексеру кезінде дүңгіршек жұмыс істемеді. Нысан басшысының айтуынша, оның қызметі 26 қыркүйектен бастап тоқтатылып, жақын арада дүңгіршекті бөлшектеу жоспарланған. Бұдан басқа, объектінің басшысымен халықтың денсаулығын сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде көзделген санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп мәлімдеді Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.