Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Бурабайға барған сапары барысында белгілі болды.
Келесі жылдан бастап Бурабайға барған туристер тікұшақпен серуендейді
Marbellacopters
876
оқылды

Бурабайдағы туристер келесі маусымда тікұшақпен ұшып, серуендей бастайды, -  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Облыс әкімі мен ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «Бурабай» шипажайының үстінен алғашқы авиаэкскурсиялық маршруттың ашылуына қатысып, бұл оқиғаны облыстағы әуе туризмін дамытуда маңызды қадам деп атады. Экскурсиялық туристік ұшу сыйымдылығы 3 жолаушыға дейінгі шағын тікұшақтары арқылы жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта туристер үшін тікұшақпен ұшу қанша теңге тұратыны көрсетілмеген.