Ол темір торға алаяқтығы үшін тоғытылған.
Жамбыл  облысында сотталған әйел заңды некеге тұрды
Polisia.kz
884
оқылды

Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйел заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кету керек, 38 жастағы сотталған алаяқтықпен айналысқаны үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы  3-бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

– Шынайы махаббатқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы, жүрегіме жақын адамымды таптым. Сүйіктім екеумізге отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайықты, – дейді сотталған әйел.

Жалпы, бүгінде аталған мекемеде бас-аяғы 81 азамат жазасын өтеп жатса, оның ішінде әйелдердің саны – 5 адам.