АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері туберкулезге қарсы диспансер қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында атом электр стансасының маңыздылығы мен еліміздің экономикасына пайдасы талқыланды.
АЭС жасыл энергия санатына жатады
825
оқылды

Өз кезегінде Халықтық штабтың мүшелері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

«Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың және халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізі болып саналады»,- деді штаб мүшесі Марина Быкова.

Атом энергетикасы - ескі қуаттылықтарды ауыстырудың ең перспективалы шешімі. Ол белгіленген баға бойынша тұрақты және болжамды энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді және «жасыл» энергия санатына жатады.