ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері осы оқиғаның куәгері болды.
Астанадағы кафеде жарылыс болды
Фото: видеодан кадр
716
оқылды

Полицейлер азаматтарды өртеніп жатқан ғимараттан эвакуациялады, – деп жазды Aikyn.kz.    

28 қыркүйек күні Астанада Ақыртас көшесіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері осы оқиғаның куәгері болды.

Полицейлер Диас Әбітбек, Нұржан Искаков және Бақытжан Рахат дереу зардап шеккендерге көмек көрсетуге асықты. 

Олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып, азаматтарды өртеніп жатқан ғимараттан эвакуациялай бастады. 

Адамдар көшеге шығып жатты, бірақ кейбіреулері ішінде қалып қойды. Мен оларға шығуға көмектестім, содан кейін ешкімнің қалмағанын тексердім. Бақытымызға орай  іште ешкім болмады. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келді және біз ғимаратта төрт газ баллоны бар екенін ескерттік,  деді Диас Әбітбек. 

Қауіп-қатерге қарамастан, полицейлер ерлік көрсетті. Олардың әрекеттері ауыр зардаптардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.