Әскери қызметкер бір жылға жуық уақыт бойы бала күтімі бойынша декреттік демалыста болған.
Ақтау гарнизонының әскери қызметкері өзіне қол жұмсады
487
оқылды

Ақтауда декреттік демалыстағы әскери қызметкер өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі растады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

39 жастағы әскери қызметшінің мәйіті өз пәтерінен табылғаны хабарланды.

– Алдын ала ақпарат бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзін-өзі өлтірген. Себептері мен жағдайлар анықталып жатыр. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды,  деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.

Әскери қызметкер бір жылға жуық уақыт бойы бала күтімі бойынша декреттік демалыста болған.

– Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады,  деп қорытындылады ведомство.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.