Мақпал Жүнісова жаңа әнінің бір шумағын орындап, тыңдармандарының жүрегін жаулап алған.
«Жаңбыр да жалғыз...»: Мақпал Жүнісова жаңа әнін таныстырды
Фото: видеодан алынды
3,785
оқылды

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс жазып жатқанын айтты. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, романс бірнеше күнде дайын болады.

«Бүгін жаңа романс жазып жатырмын. Бірінші тыңдарманым – Бауыржан Рахымбеков. Романстың әнін жазған Индира Елубаева, өлеңін жазған Айдар Сайлауов, өңдеген Мәди Айжанов. «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс 3-4 күнде дайын болады»,  деген Мақпал Жүнісова.

Әншінің айтуынша, романс радиода өңделеді. Мақпал Жүнісова жаңа әнінің бір шумағын орындап, тыңдармандарының жүрегін жаулап алған.