Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Сыбайлас жемқорлық мәселелерін қайта қарайды
368
оқылды

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін Конституция нормаларына сәйкес келтіруге бағыт­талған заң жобасы бірінші оқылымда тал­қыланады. Конституциялық сот «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 13-бабын Конституцияға қайшы келеді деп тапты. Мем­лекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға қа­тысты қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қар­сы шектеулер олардың құқықтарын бұзатыны анықталды. Осыған байланысты заң жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мәселе­лерін реттейтін түзетулер енгізу көзделген.

 Сондай-ақ депутаттар сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан-Вьетнам арасындағы шартты ратификациялау туралы заң жобасын да қарайды. Құжат бас бостандығынан айыру жазасына кесілген адамдарды өз азаматтығы бар мемлекетте жазасын өтеу үшін елдер арасындағы қа­рым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Соны­мен қатар жалпы отырыста палата коми­тет­тері бірқатар халықаралық шартты ратифика­ция­лау туралы заң жобаларын жұмысқа қабыл­дайды.