Ол көп танысы мен достары теріс айналып, араласпай кеткен кез туралы сөз қозғады.
«Араласып жүрген адамдардың бәрі менен теріс айналды»: Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңді еске алды
Фото: instagram.com/ zhahan_utargaliyev
1,475
оқылды

Актер, шоумен Жахан Отарғалиев қиын сәтте қасында жүрген адамдар өзінен алыстап кеткенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол көп танысы мен достары теріс айналып, араласпай кеткен кез туралы сөз қозғады. Сол кезде денсаулығы да сыр берген.

"Менің айналамда бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті. Бірінші кином шыққан соң фильм тұсаукесерлеріне, түрлі жиындарға көп шақыратын. Тура бір жыл бұрын араласып жүрген адамдар бұрылып-бұрылып кетіп қалды. Ол солай болуы керек болды. Менің ең үлкен қателігім, өз-өзіме деген сенімділігімді жоғалтып алдым. Денсаулығым сыр берді. Алайда уақыт өткен соң бәрі орнына келді. Сол кезде жан-жағыма қарадым да, рухани әлсіреп кетіппін деген шешімге келдім. Себебі адам Алладан алыстаған сайын адамдар одан алыстап кетеді екен. Ал сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді. Алла керек адамдарды жақындатып, керек адамдарды алдыңнан шығарып қояды. Осы жерден менің түйгенім, біз ең бірінші Алламен қарым-қатынасымызды түзеуіміз керек", – дейді Жахан Отарғалиев. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.