Түрлі дене жарақатын алған ол облыстық ауруханаға жеткізілді.
Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті
Фото: istockphoto.com
1,517
оқылды

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып құлатты. Ол түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 қыркүйекте болған.

"Кешкі сағат 18:40 шамасында Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі Атырау қаласындағы Сәтбаев-Ерниязов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерін қағып құлатқан. Сол сәтте полиция қызметкері жол қозғалысын реттеп тұрған. Түрлі дене жарақатын алған ол облыстық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталды. Сараптамалар қорытындысына сәйкес, ол шешім қабылдау үшін сотқа жолданатын болады.

"Жол-көлік оқиғасына себепкер болған көлік жүргізушісі көзі күнге шағылысқандықтан, патрульдік полиция қызметкерін көрмей қалғанын айтады. Бірақ бұл жауапкершіліктен құтқармайды", – делінген ақпаратта. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.