Бұған дейін сотқа дейінгі деректерді жария еткені үшін жәбірленушінің анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қостанайда үш жасөспірім 5 жасар қызды зорлаған: қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: khabar.kz
885
оқылды

Қостанайда 8, 12 және 13 жасар үш жасөспірім зорлаған 5  жасар қыздың анасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz «Тобол Инфо» АА-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаменті хабарлады. 

Бұған дейін сотқа дейінгі деректерді жария еткені үшін жәбірленушінің анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Яғни, ана күдікті балалардың атын атады дейді. 

Кейін Қостанай облысының Полиция департаменті іс жүргізу барысында қылмыстық құқықбұзушылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылғанын хабарлады.

Еске салайық, Қостанайда үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деп айыпталған еді. Кейін жасөспірімдерге қатысты істің материалдары сотқа жіберілген еді.

Отбасының адвокаты жасөспірімдер жазасыз қалғанын айтқан. Өйткені қылмыс жасаған сәтте олар 8, 12 және 13 жаста болған. Қазақстанда жасөспірімдерді қылмыстық жауапкершілікке тарту 14 жастан басталады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.