Бұл қызметке Мұрат Бәйменов тағайындалды.
Орал қаласының әкімі ауысты
1,908
оқылды

Орал қаласының әкімі жаңадан тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 15-сессиясында Мұрат Бәйменовтің кандидатурасы мақұлданды.

Орал қаласының экс-әкімі Миржан Сатқанов 2024 жылдың шілде айында қызметінен кеткен болатын.

Мұрат Бәйменов 1969 жылы дүниеге келген.

2002 жылы Орталық Азия университетін экономика және қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша совхоз есепшісі, бас экономист, қаржы басқармасы бастығының орынбасары; Батыс Қазақстан бойынша қаржы басқармасы бастығының орынбасары; Зеленов ауданы әкімінің орынбасары; Батыс Қазақстан бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

2020 жылдан – Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.

Бүгін  Түркістан қаласына да жаңа әкім тағайындалған болатын.