Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы Мастерс турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Іріктеудің шешуші кездесуінде Жұқаев британдық Билли Харристы (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен жеңді.

Бейбіт Жұқаев (196 АТР) өз мансабында екінші рет Шанхайдағы ATP «Мастерс» 1000 турнирінің негізгі жарыс кезеңіне өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Іріктеудің шешуші кездесуінде Жұқаев британдық Билли Харристі (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Бейбітпен алғашқы айналымда кездесетін теннисшінің есімі кейін белгілі болады.

Теннис федерациясының мәліметінше, Шанхайдағы «Мастерс» Бейбіт үшін ең сәтті турнирлердің бірі. Былтыр ол чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, негізгі сынға өткен еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.