Айтуынша, оған дисфония диагнозы қойылған.
Әли Оқапов 5 жыл бойы күресіп келе жатқан дерті туралы айтты
Фото: instagram.com/aliokapov
24,912
оқылды

Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында дертке шалдыққанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.   

Айтуынша, оған дисфония диагнозы қойылған. Бұл ән айтып жатқанда дауыстың қарлығып, нашарлауына әкелуі мүмкін. Әлі Оқапов бұл дертпен 5 жыл бойы күресіп келеді екен. 

"Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін", - деп жазды ол. 

Қарлығу, дисфония (грек. dys және рһоnе — дыбыс, дауыс) — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі.

Бұл — көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер. Қарлығу кезінде көмекейден дыбыс шығу қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады, дауыс бәсеңдеп, дірілдеп, сыбырлау дәрежесіне дейін жетуі мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.