ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.
Серік Ерубаев Мәжілістің Заңнама комитетінің құрамына сайланды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
290
оқылды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңының 14-бабына сәйкес, палатаның отырысында тұрақты комитеттердің мүшелері сайланады. Осы орайда депутаттың өтінішін ескере отырып, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайлауды ұсынамыз», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынысты қолдады.

Айта кетейік, жақында ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Серік  Ерубаевқа берілді. 

С.Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.