Көлік министрлігі әуекомпанияларға Иранның аспанын айналып өтуге кеңес берді.
"Таяу Шығыстағы қақтығыс күшейді": Көлік министрлігі әуекомпанияларға Иранның аспанын айналып өтуге кеңес берді
Фото: Freepik
1,119
оқылды

Көлік министрлігі әуекомпанияларға Иранның аспанын айналып өтуге кеңес берді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуекеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады», – деді ведомстводан.

Осыған байланысты Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің ұсынысы бойынша Air Astana әуекомпаниясы Иранның әуекеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуға шешім қабылдады. Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгеріп, ұшу уақыты ұзарады.

Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.