Авакадо болса, ағзаны стрестен сақтайды.
40 жастан кейін денсаулыққа пайдалы азық-түлік
381
оқылды

Жас келген сайын ағза өзінің әдетіне сай өзгере бастайтыны белгілі. Себебі  40 жастан кейін метобализм баяулап, бойдағы бар созылмалы аурулар қоза түседі. Сол кезде денсаулыққа күтім керегін түсініп, ішкен-жеген тамақты талғап, оған қосатын азық-түлікті де реттей бастайсыз. Сондықтан сырқаттың алдын алып, ғұмырлы өмір сүру үшін 40 жаста қандай тағам жеу керегін түртіп алыңыздар...

Бірінші орында - шөп-шалам, онда да жапырақ шөп. Атап айтсақ, шпинат, кейл, руколла, орамжапырақ. Олар фолий қышқылы мен А, С, К дәруменіне өте бай.  Күнделікті тағамыңызға қоссаңыз, жүрек пен мидың жұмысын жақсартып, иммундық жүйені қалыптастырады. Әсіресе, 40 жастан кейін ағзаның жағдайы жақсарып, бойдағы холестеринді азайтады.

Қарақұмық, сұлу жармасы, қоңырқай күріш секілді дәнді-дақылдар ас қорыту жұмысын реттеп қана қоймай, қанның құрамындағы қант мөлшерін сақтауға тырысады. Оған қоса, диабет пен жүрек ауруымен ауыратындарға пайдалы.

Үшіншіден, балық, оның ішінде скумбрия мен сардина омега-3 май қышқылының негізгі көзі. Әсіресе, жүрек ауруының алдын алғыңыз келсе, балықты көбірек жеңіз.

Бадам, грек жаңғағы, чиа және зығыр тұқымдас жаңғақтар мен дәнектер минерал мен дәруменге өте бай. Оларды үнемі пайдалансаңыз, қартаюға жол бермейсіз. Оның үстіне, бұл дәрумендер ағзадағы холестерин деңгейін қалыпты ұстауға көмектеседі.

Айран, ірімшік ағзаны кальциймен толтырады. Бұл дегеніміз – сүйек пен тісті қатайтады. Құлпынай, көкжидек мен бүлдірген жеуді үзбесеңіз, мидың ғана емес, көздің көруі де жақсара түседі. Ал жұмыртқа жүйке жұмысына пайдалы екен. Авакадо болса, ағзаны стрестен сақтайды.