Жаңбыр, қар, жел: 3 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман болады.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 3 қазанда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр күтіледі, республиканың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында  түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен құрғақ және жылы ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда  тұман болады.

Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.