Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Мәслихат депутаттарының форумы өтіп жатыр. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
«Жер аманаты»: 11 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: istockphoto.com/ru
860
оқылды

Форумға қатысушылар қатарында Парламент Сенаты мен Мәжіліс төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік кеңесші, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, Парламент және мәслихат депутаттары бар. Қатысушылардың жалпы саны – 2500 адам.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов «Жер аманаты» жобасының тиімділігіне тоқталды. 

– «Халықтың ерекше қолдауына ие болып отырған тағы бір бастама – «Жер аманаты» жобасы. Бұл жұмысты Үкіметпен, Бас прокуратурамен, жергілікті атқарушы органдармен бірге жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 11 млн га жер мемлекетке қайтарылды», – деді Ерлан Қошанов.