Мұрат Нұртілеу Президентке Сыртқы істер министрлігінің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.
Президент Сыртқы істер министрлігіне бірқатар міндет жүктеді
417
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мұрат Нұртілеу Президентке министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар, Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады.

Оған қоса БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.

Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.