Құжатсыз жүргендердің 200-і Қазақстан азаматы.
Қазақстанда неше адамның құжатсыз күнелтіп жүргені белгілі болды
1,006
оқылды

Шілде айынан бастап Ішкі істер министрлігі Қазақстанда құжатсыз тұратын адамдарды анықтай бастаған, олардың саны 400 екен, – деп жазады Aikyn.kz.

Оларға құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетіледі. Көбінесе бұл санатқа тұрақты мекенжайы жоқ адамдар, шалғай аудандарда және шаруа қожалықтарында тұратын адамдар кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 404 құжатсыз адам бар. Олардың 200-і елдің азаматы деп танылды, 14-і азаматтығы жоқ адам. Қалғандары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Егер азаматтарға құжатсыз тұратын адамдар туралы мәлімет белгілі болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді сұраймыз. Құқықтық көмек көрсету және білікті кеңес алу үшін әр өңірде жауапты қызметкерлер бекітілген», – делінген хабарламада.

Туындаған сұрақтар бойынша ақпарат алу үшін Көші-қон қызметі комитетіне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

+7 (701) 171-82-28;

+7 (7172) 71-40-73;

71-44-10.