Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады.
«Нәзіктікті ұмытып кеттік»: Мақпал Жүнісова оқырмандарын ойландырып қойды
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
623
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергенге сұхбат берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады. 

"Бойыңызда қайсысы көп. Өнер ме әлде нәзіктік пе?" деп сұрады тележүргізуші.

Бұған Мақпал Жүнісова: "Өнер. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке қыз емес, еркек қыз боп кеттік қой", – деді әзіл-шыны аралас. 

Мақпал Жүнісова желі қолданушыларының сұрағына жауап беріп, бұл жақында жарыққа шығатын жаңа жобаның түсірілімінен үзінді екенін айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»    Telegram  арнасынан таба аласыз.