5-6 қазанда республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы құрғақ және шуақты болады.
Жауын-шашын, дауыл: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
601
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 5, 6 және 7 қазан күндері елімізде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, скандинавиялық антициклон әсерінен 5-6 қазанда республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы құрғақ және шуақты болады.  Күндіз батыста 23-30 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста 15-23 градусқа дейін күн жылиды, ал түнгі уақытта ауа температурасы төмендейді.

7 қазанда солтүстікке және шығысқа суық атмосфералық фронт тарай бастайды, әсерінен жауын-шашын, желдің күшеюі және күндізгі ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

– Республиканың оңтүстігі мен орталығында атмосфералық фронттар әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қатты нөсер жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман күтіледі, – делінген ақпаратта.