Жетісу облысы дін істері басқармасы жанындағы YERKIN Өнер академиясы жастар қоғамдық бірлестігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы насихат, дерадикаландыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тәжірибесін қалыптастыру бойынша өңір имамдары үшін оқыту курсын ұйымдастырды.
Діни қызметкерлерге курс ұйымдастырылды
320
оқылды

Жобаның мақсаты – діни саладағы өз­екті мәселелерді талқылау, аталған ба­ғыт­та ақпараттық түсіндірме жұмыстары мен түрлі шара ұйымдастыру, өңірдегі діни мәселелерді шешуге ықпал ете отырып, имамдардың үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету, сондай-ақ дес­труктивті діни идеологияның алдын алу, теріс бағыт­та жүрген азаматтарға тиісті негіздермен түсіндіріп бере алатын білікті имамдар корпусын қалыптастыру.

Жобада Жетісу облысы аумағындағы ҚМДБ мешіттерінде қызмет атқаратын 40 дін қызметкері екі апталық курстан өтті. Курста IHSAN ғылым және мәдениет ор­та­лығының төрағасы, РАТТ мүшесі, тео­логия ғылымдарының PhD докторы Тимур Нүсіпханов, Жетісу университетінің про­фес­соры, PhD докторы Бибігүл Әлмұхам­бетова, Жетісу университетінің аға оқыту­шылары Венера Еңсеева және Динара Әшімова, НМУ профессоры, PhD докторы Алау  Әділбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушылары Мәрия Майлы­құт­ова және Темур Аманқұл дәріс оқыды.

Жетісу облысында 11 конфессияға тиесілі 258 діни бірлестік және олардың филиалдары қызмет атқаруда, оның ішін­де 206-сы – ислам, 17-сі – орыс-православ, 3-еуі – рим-Католик, 30-ы – протестант­ық, 1-еуі – Йегова куәгерлері, сондай-ақ 1-еуі – Бахаи қауымдастығы. Барлығы 319 діни қызметкер бар.

Қатысушыларға арнайы дайындалған ақпарттық үлестірмелі буклеттер берілді. Маңызды әрі мазмұнды ақпараттар талқы­ланған он бес күндік семинарға қатысушы­лар қызықты және ғибратты мағлұматтарға қанығып қайтты.