Ол кедендік алымдардан жалтарған.
Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Алматы әуежайында қолға түсті
Рolisia.kz
615
оқылды

Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған.

Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған.

Осылайша, бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.