Қостанай ауданының Садовой ауылында қайғылы оқиға болды.
Қостанай облысында жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды
625
оқылды

Кәсіпорындардың бірінде жұмысшы автоматтандырылған бетон араластырғышқа құлап қаза болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТоболИнфоның дерегінше, оқиға 26 қыркүйекте кірпіш зауытында болған.

Полиция мәліметінше, 60 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу деректері бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, ер адам ресми түрде жұмысқа тұрмаған. Құжаттарға сәйкес, оның қызы компанияда тіркелген. Марқұмның артында алты баласы қалды.