Бес қалада ауа ластанады

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК еліміздегі метеорологиялық жағдайға болжам жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша 6 қазанда Павлодар, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, түнде Қостанай қалаларында ауаның ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.