Сеулде #390 және Токиода #393 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.
АЭС құрылысына қатысты референдумда бірінші болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар дауыс береді
ҚР СІМ
269
оқылды

АЭС құрылысына қатысты референдумда ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. 

Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар. 

Сеулде #390 және Токиода #393 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды. 

Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жүйелі түрде берілетін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.