Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берді.
103 жастағы майдангер референдумда бірінші болып таңдауын жасады
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
594
оқылды

Бүгін еліміз бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Маңызды саяси науқанда учаскеге алғаш болып келген 103 жастағы майдангер өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қызылорда облысы Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.

«Біз қазақ «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген тәмсілге бас иген халықпыз. Бірлік әрқашанда маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқан кезінде өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын»,  деді майдангер.

Айта кетейік, аймақта 380 референдум учаскесі бар. Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Түскі сағат  12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады.

Өңір бойынша 492 380 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.