Сайлау учаскесіне бірінші келген азаматша Анар Тілепова ел болашағы үшін дауыс бергенін айтты.
Ұлт пен ұрпақ болашағы үшін дауыс бердім
487
оқылды

Бүгін еліміз бойынша АЭС салуға қатысты жалпыхалықтық референдум басталды. Жамбыл облысында да сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден ашылып, алғашқы келушілер өз таңдауларын жасауда. Сайлау учаскесіне бірінші келген азаматша Анар Тілепова ел болашағы үшін дауыс бергенін айтты.

   Бүгінгі реферундум бейжай қарайтын дүние емес. Біздің таңдауымыз еліміздің болашағы үшін маңызды. Сондықтан мен ұлт пен ұрпақ болашағы үшін дауыс бердім,  дейді Анар Тілепова.

№28 дауыс беру  учаскесінде бірінші болып  дауыс берген Анарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлық берілді.

Айта кетейік, Жамбыл облысында таңғы сағат 7.00-ден 508 дауыс  беру учаскесі өз жұмысын бастады.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы