Атом электр стансасын салу жөніндегі референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берген жоғары лауазымды шенеунік – Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов.
Премьер-Министр Олжас Бектенов референдумда дауыс берді
386
оқылды

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысына қатысты референдумда дауыс берді. Ол №61 сайлау учаскесіне келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Атом электр стансасын салу жөніндегі референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берген жоғары лауазымды шенеунік – Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов.

Ол әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан №61 дауыс беру учаскесінде дауыс берді. 

Бүгін, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум басталды. Оған 18 жасқа толған ел азаматтары қатыса алады. Республикалық референдумда қазақстандықтар елге атом электр стансасы (АЭС) қажет пе, жоқ па деген шешімді қабылдауы керек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.