Талдықорғандағы негізінен көпбалалы аналар жұмыс істейтін «Айсұлу» тігін фабрикасының 80 қызметкері 6 қазанда сайлау учаскесіне бір кісідей барып, өз таңдауларын білдірді.
Тігіншілер қалыс қалмады
519
оқылды

Талдықорғандағы негізінен  көпбалалы аналар жұмыс істейтін «Айсұлу» тігін фабрикасының 80 қызметкері 6 қазанда сайлау учаскесіне бір кісідей барып, өз таңдауларын білдірді. Жалпы, бұл жолғы референдумға талдықорғандықтар белсенділікпен қатысуда. Облыс орталығындағы  №402 референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқан адамдардың қарасы мол.

Олардың қатарында айрықша белсенділік танытып, дауыс беруге тұтас  ұжыммен келген мекемелер де баршылық. Солардың бірі -  жоғарыда айтылған,  «Айсұлу» ЖШС  тігін фабрикасының ұжымы.

Тігіншілердің айтуына қарағанда, қазіргі кезде фабрикада жұмыс қызу. Тапсырыс баршылық, дегенмен еліміздің болашағына байланысы бар шарадан тысқары қалмағанды жөн көргендер, азаматтық борышты орындау мақсатында дауыс беру учаскесіне ұжыммен келіпті.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы